Аскорбиновая кислота (25 мг, Марбиофарм)
Инструкция
- русский
- қазақша
Саудалық атауы
Аскорбин қышқылы
Халықаралық патенттелмеген атауы
Аскорбин қышқылы
Дәрілік түрі
25 мг таблеткалар
Құрамы
Бір таблетканың құрамында
белсенді зат: аскорбин қышқылы - 25 мг
қосымша заттар: декстроза (глюкоза), қант, стеарин қышқылы, картоп крахмалы, тағамдық хош иістендіргіш.
Сипаттамасы
Ойығы бар тегіс цилиндр түрдегі ақ түсті таблеткалар.
Фармакотерапиялық тобы
Дәрумендер. Аскорбин қышқылы, басқа препараттармен біріктірілімдерін қоса. Аскорбин қышқылы таза түрде. Аскорбин қышқылы.
АТХ коды А11GA01
Фармакологиялық қасиеттері
Аскорбин қышқылы тотығу-тотықсыздандыру, көмірсудың алмасу, қан ұю, тіндердің қайта жаңғыру үдерісін реттеуде маңызды рөл атқарады, ағзалардың қарсыластығын жоғарылатуға ықпал етеді.
Аскорбин қышқылы (С дәрумені) адам ағзасында түзілмейді, ол тек тамақпен бірге ғана түседі. Адам теңестірілген және толыққанды тамақтанғанда С дәруменінің тапшылығын сезінбейді.
Қолданылуы
- С дәруменінің гипо- және авитаминозының профилактикалау және емдеу үшін
- балалардың қарқынды өсуі кезінде, жүктілікте, бала емізу кезеңінде С дәруменіне ағзаның қажеттілігі жоғары кезде
- жоғары дене жүктемесінде және ақыл-ой жүктемесі жоғарылаған кезде, қатты қажығанда, стрестік жағдайда
- ұзақ уақыт бойы және ауыр түрде ауырғаннан кейін сауығу кезеңінде
Қолдану тәсілі және дозалары
Препаратты тамақтан соң ішу арқылы қабылдау керек.
Профилактика мақсатында тағайындалуы: Ересектерге – тәулігіне 50-100 мг-ден; балаларға – тәулігіне 25 мг.
Емдеу мақсатында тағайындалуы: Ересектерге – тәулігіне 50-100 мг-ден күніне 3-5 рет; балаларға 50-100 мг-ден күніне 2-3 рет.
Емдеу ұзақтығын аурудың сипатына және ағымына байланысты дәрігер анықтайды.
Жағымсыз әсерлері
- препараттың компоненттеріне аллергиялық реакциялар болуы мүмкін
- асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі
Зертханалық көрсеткіштердің өзгеруі:
- тромбоцитоз, гиперпротромбинемия, эритропения, нейтрофильді лейкоцитоз
- гипокалиемия
Қолдануға болмайтын жағдайлар
- препараттың компоненттеріне жоғары сезімталдық
Мынадай жағдайларда үлкен дозада тағайындауға болмайды:
- қан ұюы жоғары болатын, тромбофлебиті бар және тромбозға бейім науқастар,
- қант диабетінде және қандағы жоғары қант деңгейімен қатар жүретін жағдай
- 6 жасқа дейінгі балалар
Сақтықпен:
- глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа тапшылығы
- гемохроматозда, сидеробласты анемия, талассемия,
- гипероксалурия, оксалоз
- несептас ауруы
Дәрілермен өзара әрекеттесуі
Аскорбин қышқылы темір, пенициллин тобындағы препараттардың сіңуін жоғарылатады.
Айрықша нұсқаулар
Глюкокортикостероидты гормондардың түзілуіне аскорбин қышқылының көтермелейтін әсеріне байланысты бүйрек үсті безі және артериялық қысымның функциясын бақылау керек. Үлкен дозаны ұзақ уақыт бойы қолданғанда ұйқы безінің инсулярлық аппаратының функциясын бәсеңдетуі мүмкін, сондықтан емдеу барысында ұйқы безінің қызмет ету қабілетін ұдайы бақылап отыру керек.
Жүктілік және лактация кезеңіЖүктілік және лактация кезеңінде тәулігіне 300 мг-ден 10-15 күн бойы, одан кейін тәулігіне 100 мг-ден.
Дәрілік заттың көлік құралдарын немесе қауіпті деп саналатын механизмдерді басқару қабілетіне әсер ету ерекшелігі
Жоқ.
Артық дозалануы
Симптомдары: диарея, жүрек айнуы, асқазан-ішек жолы шырышты қабығының тітіркенуі, метеоризм, түйілу сипатындағы абдоминальді ауыру, несептің жиі шығарылуы, нефролитиаз, ұйқысыздық, ашушаңдық, гипогликемия.
Емдеу: симптоматикалық, қарқынды диурез.
Шығарылу түрі және қаптамасы25 мг таблеткалар.
Парафинделген қағазға 10 таблеткадан салады және заттаңбалық немесе жазу қағазынан жасалған заттаңбаны жапсырады. 300 қаптамадан мемлекеттік және орыс тілдерінде жазылған медициналық қолдану жөніндегі мемлекеттік және орыс тілдеріндегі нұсқаулықтың санына сәйкес картоннан жасалған жәшікке салынған.
Сақтау шарттары
Құрғақ, жарықтан қорғалған жерде, 30 °С-ден аспайтын температурада сақтау керек.
Балалардың қолы жетпейтін жерде сақтау керек!
Сақтау мерзімі
2 жыл
Жарамдылық мерзімі өткеннен кейін қолдануға болмайды.
Дәріханалардан босатылу шарттары
Рецептісіз
Өндіруші
«Марбиофарм» ААҚ
Ресей Федерациясы, 424006, Марий Эл Республикасы, Йошкар-Ола қ-сы,
К.Маркс к-сі, 121.
Тел.: (8362) 42-03-12, факс: (8362) 45-00-00
e-mail: marbiopharm@marbiopharm.ru
Тіркеу куәлігінің ұстаушысы
«Марбиофарм» ААҚ, Ресей Федерациясы
Қазақстан Республикасы аумағында тұтынушылардан дәрілік заттың сапасына қатысты шағымдарды (ұсынымдарды) қабылдайтын және дәрілік заттың тіркеуден кейінгі қауіпсіздігін қадағалауға жауапты ұйымның атауы және мекенжайы
Өтегенова Б.А ЖК
010000, Қазақстан, Астана қ., Алматы ауданы, Рамазан к-сі 33, 9 пәтер
Тел/факс 8(7172) 43-95-34, +77017076181
Электронды пошта b.utegenova_ip@mail.ru